Отбасы –қоғамның алғашқы ұясы, барлық әлеументік тіршіліктің тірегі. Ол ұлт болып қалыптасудың бірден-бір негізі. Отбасы бақытының басты шарттарының бірі — өсіп келе жатқан жас ұрпақта.
Ата-аналар өздерінің кәмелеттік жасқа толмаған және көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмлеттік жасқа толмаған балаларын асырауға міндетті.
Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен өздерінің міндеттерін орындауын заңды тұрғыда қарайтын болсақ, балалар кәмлеттік жасқа толғанша ата-аналық құқықтарға мыналар жатады: баласын тәрбиелеу оның денсаулығына қамқор болу, балаларының орта дәрежелі білім алуы, олардың мүддесінің өкілі болу және қорғау, басқа адамнан баласын қайтарып алуды талап ету, баласын асырап алуға келісім беру немесе бермеу, 14 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 22 бабының 2 бөлімінде аталған мәмілелерден басқа, мәміле жасауға келісім беру, осы жасоспірімдердің өздерінің еңбек табыстарын, стипендиясын, басқада табыстарын және олардың интеллектуалдық меншік объектілерін т.с.с. өз еркімен басқаруын шектеу немесе одан айыру туралы өтініш беру құқықтары жататынын түсінгені жөн.
Неке және отбасы заңының 55 бабында көрсетілгендей, әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар, сондай-ақ осы заңның 62 бабына сәйкес, баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар.
Баланың құқықтары мен заңды мүдделелерін қорғауды ата-анасы (олардың орындағы адамдар), осы заңда көзделген жағдайларда, қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор және сот жүзеге асырады.
Егерде ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді дәлелді себептерсіз орындамаса, ол жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127 бабының 1 бөлігімен он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (30630 теңге), ал 2 бөлігі бойынша осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет үшін он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілік жазаға тартылады.
Сонымен қатар, кәмелет жасқа толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы заңды өкілдеріне үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы қолданған жазалар нәтиже бермесе, сот тәртібімен бұндай ата-аналарға ата-аналық құқықтарын шектеу, одан әрі айырылу қолдануы мүмкін.
Казталов ауданының №2 аудандық сотымен 2021 жылы өзінің ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және оларға білім беру жөнiндегi мiндеттерін тиісті орындамағаны үшін 11 тұлға әр-түрлі әкімшілік жазаға тартылған болса, үстіміздегі жылдың 6 айында 4 ата-ана жауапкершілікке тартылды.
Мысалы, жасөспірім К.М. Жалпақтал ауылында ұрлық жасап, 16 жасқа толмауына байланысты, ҚР Қылмыстық кодексінің 15-бабының 1-бөлігіне сай, қылмыстық жауапкершіліктен босатылған. Нәтижесінде, оның анасы К.Б. бала тәрбиесімен тиісті түрде айналыспағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылып, оған 40838 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Отбасының бақытының басты шарттарының бірі — өсіп келе жатқан жас балаларда, халқымыздың жарқын келешегін жалғастыратын жас ұрпақта. Сол ұр¬пақтың тәлімді де тәрбиелі болуы алдыңғы толқынның па-ры¬зы мен қарызы десек, еш қа¬те¬леспейміз.
Айгүл Бисенова
Казталов ауданының
№2 аудандық сотының
кеңсе меңгерушісі