Қарауға тағайындалған істер бойынша сот отырысының хатшысы процеске қатысушыларды және үшінші тұлғаларды, куәларды, сарапшыларды, мамандарды, аудармашыларды шақыру туралы соттың шақыру кағаздарын,хабарламалар (хабархаттар)жібереді. Соттың шақыру кағазында, хабарламаларында (хабархаттарында) сот отырысының өтетін соттың атауы мен нақты мекен-жайы, уақыты (сағаты, күні) мен орны, істің атауы, сотқа шақырылатын немесе хабарланатын адам (Т.А.Ә.) не хабарлама (хабархат) жіберілген органның немесе заңды тұлғаның атауы, сондай-ақ іс бойынша мәртебесі көрсетіледі.
Қорғаушылар мен прокурорға жазбаша түрде хабарланады. Басты сот талқылауын тағайындау сатысында соттың сотталушыға қорғаушыны қамтамасыз етуі туралы мәселе шешілетін кезде сот отырысының хатшысы облыс, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаушылар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне сот актісінің көшірмесін жібереді.
Үй қамауындағы немесе күзетпен ұстау сотталушыға қатысты сот үй қамауында ұсталатын адамға қадағалауды жүргізіп отырған органға немесе лауазымды тұлғаға, ал қамауға алынған адамға қатысты тергеу изоляторына сотталушыны сот отырысына жеткізу туралы талап жібереді.
Егер сотқа хабарланған мекен-жай бойынша тұлға іс жүзінде тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру оның жұмыс орны бойынша жіберілуі мүмкін.
Хабарландыру нысанын таңдау кезінде шақырылып отырған тұлғаның сотқа келуін қамтамасыз ететін және сот хабарландырулары мен шақырулардың қайталануын болдырмайтын барынша оңтайлы нұсқасы пайдаланылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетел
азаматтарына сотқа шақыру туралы хабарландыру жіберіледі.
Хабарландырулар мен шақырулар хабарланған немесе шақырылған адамның сотқа уақытылы келуі және іске даярлануы үшін жеткілікті мерзімнің болуы ескеріліп жөнелтілуге тиіс.
Тыңдауға тағайындалған істерді қарау кестесі бір аптаға әзірленеді және келесі аптаның алдында аудандық сот залына кіреберісте немесе қарау үшін басқа да қолайлы жерге, сондай-ақ соттың интернет-ресурсында орналастырылады.
Сот отырысы бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілген жағдайда сот отырысы хатшысының іс-әрекеті Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану қағидаларымен және оларға қойылатын талаптармен реттеледі.
Сот отырысының хатшысы:
1) өзi хаттамалауды қамтамасыз етуi қажеттi барлық уақытта сот отырысының залында болуға және сот отырысынан төрағалық етушiнiң рұқсатынсыз кетпеуге;
2) хаттамада соттың әрекеттерi мен шешiмдерiн, соттың отырысына қатысушы барлық тұлғалардың өтiнiшхаттарын, қарсылықтарын, айғақтарын, түсiнiктемелерiн, сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетілуге жататын басқа да мән-жайларды толық және дұрыс жазуға;
3) сот отырысының хаттамасын Қылмыстық –процестік кодексте белгiленген мерзiмде дайындауға;
4) төрағалық етушiнiң заңды өкiмдерiне бағынуға;
5) жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.
Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшiн жеке жауаптылықта болады.
Д.К.Тогайбаева
Қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған
ауданаралық әскери сотының
бас маман-сот отырысының
хатшысы