Мемлекеттік тіл!

Мемлекеттік тіл егемен еліміздің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің рәміздері, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады.
Елімізде бір тудың астына қанша ұлтпен ұлыстар жиналған бірлігі жарасқан елміз. Сол көптеген ұлт өкілдерінен басын қосқан мықты мемлекетпіз деп мақтанып айта аламын. Енді сол мемлекеттік ұлттық құндылығының басты ерекшелігі оның мемлекеттік тілі. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс. Бұл отаншылдықтың басты белгісі деп ел басымыз айтып өткендей.Сондықтан, бұл мәселеге парасаттылықпен қарауымыз қажет. Еліміз өркениеті дамып, мәдениетіліміз дәріптелуі керек.
Мемлекеттік тіл мемлекеттік маңызды мәселе болғандықтан, ол азаматтық, патриотизм, мәдени тұтастық сияяқты ұғымдарымен тығыз байланысты. Бір тілде сөйлемеген халық біріге де алмайды, өздерін бір шаңырақтың мүшесімін деп те сезіне алмайды. Тарихтан да белгілі, қандай ел болмасын бостандық алғаннан соң ең бірінші мемлекеттік тілінің мәселесін шешеді. Қазіргі әлемдік бәсеке жағдайында күшті ұлттар ғана өз мүддесі үшін күресе алады. Күшті ұлт болу үшін күшті мәдениет қалыптасу керек, Сонда ғана әлемдік өркениет кеңістігінен өзіне тиесілі орынды ала алады.
Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы -тіл» деген Ахмет Байтұрсынов.
Тілге деген құрмет-халыққа деген құрмет. Демек әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып білуі тиіс. Тіл мәртебесі –ел мерейі.Ана тіліміздің мәртебесін үстем етіп, еліміздің мерейін көтерейік. Әлем таныған ел болу үшін ана тіліміздің жұлдызын биіктету біздің басты парызымыз деп білемін!

Уюмдасова Альмира Аскаровна
Орал қаласының
мамандандырыған тергеу
сотының жетекші маманы