«Сот кабинеті» — бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.
Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ, істегі мәртебесін көре алады және сот актісін басып шығарып алуға мүмкіншілігі бар.
Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығыннан электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.
«Сот кабинеті» сервисі арқылы мемлекеттік бажды төлеу мәселесі шешілген, төлем карточкасы арқылы бажды төлеу туралы құжаттың сканерленген көшірмесін беру мүмкіндігі бар. Бұл қызметтерді электрондық цифрлық қолтаңбасы бар азаматтар пайдалана алады.
Сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді оңайлатып, бюрократиялық кедергілерді жояды.
«Сот кабинеті» сондай-ақ ЭЦҚ қолдану арқылы электрондық іспен танысу үшін қолжетімділікті қамтамасыз етеді, пуш-хабарлама арқылы сот отырысының өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы хабар алуға мүмкіндік береді, сот отырысының хаттамасын беру туралы өтініш өткізуге, хаттамаға ескертулер беруге, сондай-ақ шығарылған сот актілерін алуға және атқару парақтарын сұратуға интернет желісі арқылы қолданушыға ыңғайлы кез-келген жерде, ресми немесе мобильді қосымша арқылы жүгіне алады.
Еліміздің сот жүйесі жылдан жылға уақытпен бірге қадам басып, сот тәжірибесіне жаңа бағдарламалар енгізуде. Мұның бәрінің басты мақсаты сот процестеріне қатысушыларға жағдай жасау.
Бүгінгі таңда еліміздің сот жүйесіне енгізілген ақпараттық технологиялар соттардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, халықпен кері байланыс орнатуда, қызметтің сапасын арттыруда үлкен септігін тигізіп отыр.
Электронды сот төрелігін іске асыру халықтың сенімін, ақпараттың қолжетімділігін, ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз етіп отырғаны анық.Қазіргі уақытта, сот тәжірибесінде ІТ-технологиясымен ғаламтор ресурстарының мүмкіндіктері көбірек пайдалана бастады. Себебі, ол сот төрелігін жүзеге асыру процессін жеңілдетіп, оңтайландырады және автоматтандырады, ең бастысы халыққа қолжетімді.
Республикамыздың барлық соттарында «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті», СМС-хабарлама сервистері, Талдау форумы, соттар арасындағы байланыс орталығы, дыбыс-бейнежазба құрылғысымен бейнеконференция арқылы жаңа ақпараттық технологиялар қызмет атқаруда.«Сот кабинеті»-электрондық ақпараттық сервистің қызметі, яғни соттағы жүйелі ақпарат берудің кеңейтілген тәсілі деп түсінуге болады. «Сот кабинеті» арқылы сотқа талап арыз беруге, сот отырысының хаттамасына ескерту келтіруге, өтініш, арыз, шағым және электрондық өтінімдерді әзірлеу және ұсыну, мемлекеттік баж салығын онлайын түрінде төлеу, деректерді сақтау мен біріктірудің қауіпсіздігі сияқты әректтерді жасауға мүмкіндік береді.Электронды цифрлық қолтаңбасы бар кез-келген азамат үйден шықпай-ақ, «сот кабинеті» арқылы сотқа талап арыз беріп, кейін оның қаралуын бақылауға мүмкіндігі бар. Бүгінде әлемге таралған қауіпті індеттің және қашықтықтан іс қарау машықтануына байланысты, сот жұмысын онлайн форматта да қарауға мүмкіндігі зор. Сот отырыстары «WhatsApp», «TrueCont», «Zoom» мобильдік қосымшасының көмегімен өткізе алады.Сот жүйесінде де заман талабына сай, электронды түрде жұмыс жасаудың нәтижесінде, жұмыс біріздендіріліп, азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік туып отыр.
А.С.Байгелова
БҚО қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған
ауданаралық соты әкімшісінің
бас маманы сот отырысының
хатшысы