Алқабилер тарихы

Алқабилер алқасының даму тарихы 13 ғасырда Англияда басталады. Онда қылмыстық істер бойынша алқабилер соты ассизе немесеайыптаушы алқабилерді ауыстырып,15 ғасырда күшейіп, ал 17 ғасырға қарай ол қазіргіге жақын формаға ие болды.
Алқабилер алқасының тарихи миссиясы азаматтық қоғамды саяси құдалаудан және үкіметтің теріс әрекеттерінен қорғау болды.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдардан бастап 90—жылдардың басына дейін алқабилер алқасы ағылшың тілінде сөйлейтін елдерді қоспағанда, барлық жерде өз позициясын біртіндеп жоғалтты, тіпті ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде де оны сақтаудың орындылығы кейде кумәнданатын.
Франция мен Германияда алқабилер соты номиналды деп танылды» бірақ «алқабилер» істі қарауға іс жүзінде шеффен ретінде қатысады, яғни іс бойынша негізгі шешімдерді қабылдауға кәсіби судьялармен бірге қатысатын бағалаушылар.
Кеңес Одағында 1980 жыллдардың екінші жартысында кеңес қоғамын либерализациялаудың басталуымен классикалық форматта алқабилер сотының қайта жаңғыруы белсенді түрде талқыланды. Мемлекеттің көптеген көрнекті заңгерлерінің қатысуымен кең пікірталас болды. Нәтижесінде1989 жылдың маусым айында Халық Депутаттарының Съезі тиісті мәселені бірінші рет «Қеңестіе Социалистік Республикалар Одағының әшкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы» қаулысында көтерді.
Сол жылдың қараша айында КСРО және одақтас республикалардың сот жүйесі туралы заңнамасының негіздері қабылданып оның 11 бабында заңмен өлім жазасы немесе 10 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар бойынша сотталушының кінәсін алқабилер алқасы (халық алқасының кеңейтілген құрамы) шешу мүмкіндігі туралы айтылған.
Алты айдан кейін, 1990 жылы 10 сәуірде КСРО Заңымен жоғарыда аталған 11 бап жаңа редакцияда толықтырылды. «Одақтық республикалардың заңнамасында алқабилердің құзыретіне жататын істердің басқа да санаттары белгіленуі мүмкін (халықтық бағалаушылардың кеңейтілген алқасы). Ақырында, 1991 жылдың желтоқсан айында Алматыда бұрынғы кеңестік 11 республиканың басшылары ТМД-ның мақсаттары мен принциптері туралы декларацияға қол қойып, КСРО « халықаралық құқық субъектісі және геосаяси шындық» ретінде өмір сүруін тоқтатылғаны растады.
Атап айтқанда, 1991 жылы 16 желтоқсанда Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Конституциялық заңы жарияланып, бүкіл әлемге еліміздің тәуелсіздігін жария етті. Ал, 1994 жылы 12 ақпанда Елбасы «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қаулыға қол қойып, сот-құқықтық жүйені реформалаудың басты бағыттарын бекіткен тарихи құжат болды. Қаулыда республикалық сот органдарының құрылымы, судьялардың өкілеттіктері, сот кадрларының мәселелері нақты реттелді.
Істерді алқабилердің қатысуымен қарау мәселесіне қайта оралсақ, КСРО ыдырағаннан кейін ТМД-ның барлық елдерінде алқабилер сотын құру қарастырылды. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің 1995 жылғы 14 ақпандағы қаулысына сәйкес «ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қылмыстық-процестік кодексінің үлгілік тұжырымдамасы» алқабилер сотын енгізу үшін негіз ретінде әзірленді. ТМД елдерінде және осы үлгідегі қылмыстық іс жүргізу кодексінде алқабилермен сот талқылауының екі нұсқасы ұсынылған:

  • Барлық мәселелерді бірлесіп шешетін судья және тең құқықты екі алқаби;
  • Судья және 12 алқаби, тек кінә (кінәсіздік) туралы сұрақтарды шешеді.
    Бірақ, 2007 жылға дейін ТМД елдерінің ішінде тек қана Ресей Федерациясы алқабилер соты жұмыс істейтін жалғызы болып қала берді.
    Конституцияда көзделген іс жүзінде сот төрелігін алқабилердің қатысуымен жүзеге асыру принципі Ел Президентінің 2001 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы судьялардың 3 съезінде баяндамадан кейін жүзеге асырыла бастады. Мемлекет басшысы Н.А.Назарбаев республикамызда алқабилер институтын енгізу міндетін қойды.
    Содан кейін, 2005 жылда «Алкабилер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заң жобалары Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.
    30 түзету енгізілгеннен кейін ғана, алты айдан кейін, жобалар бекітіліп, 16.01.2006 жылы №121-3 «Алқабилер туралы» ҚР Заңымен, сондай-ақ 16.01.2006 жылғы №122-3 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңымен енгізілді. Аталған Заңдар текқана 01.01.2007 жылы күшіне енді.
    Алқабилер- бұлар кәсіби судьямен тең дәрежеде кәсіби емес судьялар ретінде қылмыстық істі сотта қарауға қатысатын қарапайым адамдар. Ақабилер алқасы бұл адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі болып табылады. Алқабилердің қатысуымен сот қылмыстық заңда өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыстар, тағы бір қатар ауыр қылмыстар жатады. Аталған қылмыстар қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық соттарымен және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттарымен қаралады.
    Сотта iстi қарайтын алқабилер алқасы он негiзгi құрамдағы және екі қосалқы алқаби құрамында жеребе тастау арқылы құрылады.
    Сотталушының кінәлі немесе кінәсіздігі туралы шешімді алқабилер қабылдайды. Қабылдаған шешімнің негізінде судья іс бойынша үкім шығарады. Егер алқабилердің кесімі –«кінәлі емес» болса, судья ақтау үкімін шығарады.
    Қазақстандағы алқабилер институтының реформалау сот төрелігін ізгілендіру мен объективтілігін арттыруға, қылмыстық процеске қатысушылардың барлығының құқықтарын қорғауды күшейтуге, сот үкімдерін шығару кезінде барынша бейтараптыққа қол жеткізуге бағытталған.

А.Б.Теберикова
Батыс Қазақстан облысы,
Тасқала аудандық
сотының төрағасы