Батыс Қазақстан облыстық сотында «Балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактілері бойынша қылмыстық және әкімшілік істерді қараудың проблемалық мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара облыстық сот төрағасы Бек Әметовтің төрағалығымен, құқық қорғау органдары құрылымдарының мүдделі өкілдері: Батыс Қазақстан облысының Әділет Департаменті, Полиция Департаменті, қылмыстық-атқару жүйесі бойынша Департаменті, облыстық және Орал қаласының прокуратурасы, сондай-ақ жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы өкілдерінің, тергеушілер мен анықтаушылардың қатысуымен өтті.
Шара барысында облыстық сот төрағасы Бек Әметов, облыс прокуроры Жандос Өмірәлиев және Әділет департаментінің басшысы Аманжол Абдрахманов сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың назары алименттік міндеттемелерді орындауға жосықсыз қарым-қатынас мәселелеріне, балаларды асырауға төленетін төлемдердің уақытылығы мен толықтығына, алименттерді өндіріп алу туралы сот шешімдерінің орындалу тиімділігін арттыруға, сондай-ақ ата-анасынан асырауға қаражат алу үшін балаларға қосымша кепілдіктер жасау жөніндегі ұсыныстарға назар аударылды. Атап айтқанда, борышкерлерге қосымша ықпал ету шараларын қолдану мәселесі талқыланды.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабында көзделген, сондай-ақ Қылмыстық кодексінің 139 бабы бойынша, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша алимент өндіріп алуға байланысты борышкерлерді жауапкершілікке тарту бойынша әкімшілік және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесі қаралып талқыланды. Дөңгелек үстелде облыстық жасөспірімдер ісі жөніндегі мамандандарылған ауданаралық сотының төрағасы Сұлуқаным Қадралиева, БҚО мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Марат Сисенғали, БҚО прокурорының орынбасары Александр Цуранков, БҚО полиция департаментінің Тергеу басқармасы басшысының орынбасары Досқали Жұмағалиев және БҚО Әділет департаментінің «Алименттік төлемдерді өндіру бойынша аумақтық бөлімінің» филиал басшысы Светлана Жұмағалиевалар баяндама оқыды.
Проблемалық мәселелерді талқылау нәтижелері бойынша қорытынды жасалып, ұсыныстар берілді.
Қанатбаева Н.
БҚО бойынша
Соттар Әкімшісінің
ақпараттық қамтамасыз ету
бөлімінің басшысы