Бизнесті қорғау — қадағалаудағы прокуратураның басым бағыттарының бірі
Заңға бағынатын бизнесті негізсіз тексерулер мен қудалаулардан қорғау прокуратура органдарының қадағалау қызметіндегі маңызды басымдық болып табылады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты — қылмыстық процестің ортасына бизнесті заңсыз тартуды болдырмау. 2022 жылдың мамыр айынан бастап прокурорлар кәсіпкерлерге қатысты басталған сотқа дейінгі барлық тергеп-тексерулерге тексеріс жүргізді. Осы кезеңде экономика саласында 360-тан астам қылмыстық іс тоқтатылды. 2022 жылғы 2 қыркүйекте Бас Прокурор қылмыстық қудалау органдарына бизнес субъектілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тіркеу тәртібін егжей-тегжейлі регламенттейтін арнайы нұсқау жіберді. Сондай-ақ жаңа «Қылмыстық қудалаудың заңдылығын…