Сіз АИТВ жұқпасына тексерілдіңіз бе?

Өкінішке орай, қоғамда АИТВ-на (адамның иммун тапшылығы вирусы) тексерілуді түсініксіз және керек жоқ талдау деп қабылдайды, немесе тіпті еш мән бермейді. Көбіне, таныстар немесе туыстар, өзінің жақынының тестілеуден өтуге ниетін біліп қойып, тез арада онда бір «сұмдық» бар деп күдіктенеді. Олай істеудің қажеті жоқ. Ол неліктен олай істегені, АИТВ-на тестілеуден өту құлшынысы – бұл, бәрінен бұрын өзінің денсаулығына және жақындарының денсаулығына жаны ашығанынның белгілері.
АИТВ-на тексерілу біздің елімізде көп жағдайда ерікті түрде жасалады. Бірақ, кей жағдайларда АИТВ-на тексерулу міндетті болып табылады.
Міндетті тексерілуге медициналық қызметкерлер, жұқтырылған материалдармен жұмыс жасайтын қызметкерлер, сотталғандар, жүкті әйелдер, жыныстық клеткалардың донорлары және реципиенттер, әскерге шақыртушылар, АИТВ жұқтырған аналардан туылған балалар, шет ел азаматтары және т.б. жатады. Сондай-ақ, туберкулезбен, В және С вирустық гепатиттерімен ауырғанда, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларда АИТВ-на тексерілу міндетті түрде жүргізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында 80% АИТВ жағдайларының анықталуы 20-39 жас аралығына келеді – жасөспірім, еңбекке құлшыныс кезі, әркім өз болашағына жоспар құратын жас. Сондықтан осы жаста өзінің АИТВ-статусыңды білу үшін кезеңімен АИТВ-на тексерілуден өту керек.
АИТВ-инфекциясының бар немесе жоқ екенін тек зертханалық талдауға тапсыру арқылы ғана білуге болады, яғни АИТВ-на тестілеу өту арқылы. Тексерілудің қорытындысы тексерілген адамға жеке тестілеуден кейінгі психоәлеуметтік кеңес барысында хабарланады. Телефон арқылы талдау қорытындылары берілмейді.
Өкінішке орай, талдауды тапсыру барысында АИТВ-ын жұқтыру қорқынышы кей адамдарға өзінің АИТВ-статусын білуге кедергі қоятын себеп болып табылады. Көбінде бұл білмегендікпен байланысты. Медициналық ұйымдарда талдауға қан жинау үшін тек бірреттік құралдар қолданылады. Бұл құралдар арнайы стерилденген вакутейнерлер, жабық жүйелі және толықтай қауіпсіз.
Тестілеуден өту және өзіңіздің АИТВ-статусыңызды білу:

  • біріншіден, АИТВ-ын жұқтыру қауіпі бар жағдайдан кейін жақындарыңызды жұқтыру қорқыныш сезімін жою үшін;
  • екіншіден, өзіңіздің денсаулығыңызға аса ұқыпты болу үшін, өйткені АИТВ фонында басқа аурулар ауыр өтеді және арнайы емді қажет етеді;
  • үшіншіден, АИТВ-ны жұқтырған болсаңыз, ЖИТС-тың дамуын болдырмас үшін уақытылы ретровирусқа қарсы терапияны бастау үшін маңызды.
    Өзіңіздің АИТВ-статусыңызды білу қиын емес, тестілеуді кез-келген
    қаладағы медициналық мекемеде немесе Есенберлин көшесі, 5/1 мекенжайындағы ЖИТС орталығында өтуге болады. АИТВ-ға тестті жылына бір рет, қауіпті жағдайдан немесе байланыстан кейін 3,6, және 12 айдан кейін тапсыру ұсынылады.

Бекетова Ж.Қ.
Дәрігер эпидемиолог
Нұр-Сұлтан қаласы
«ЖИТС-тың алдын алу және оған
күрес орталығы» МКҚК