Елордадалық «Медицинаның өзекті бағыттары және емдеудің заманауи аспектілері»

Нұр-Сұлтан қаласында «Астана» медициналық университеті базасында «Медицинаның өзекті бағыттары бойынша диагностика және емдеудің заманауи аспектілері» атты білім беру семинары өтті. Семинар жұмысына Қазақстанның пульмонология, нефрология, акушерлік және неонатология саласындағы жетекші мамандары, сондай-ақ, МӘМС жүйесіндегі мониторинг және талдау мәселелері бойынша Қордың сарапшылары қатысты.
«Семинарға барлық ниет білдірген дәрігерлер, фармацевттер, провизорлар, медициналық ұйымдардың басшылары, Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары шақырылды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілісімен қатар, Денсаулық сақтау саласын көптеген өзгерістер күтіп тұр. Мониторинг, сатып алу және төлеу процестері өзгереді. Мониторинг медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылдың негізгі блогы болады. Медициналық қызмет көрсетушілердің ақысына осы қорытынды нәтижесіне байланысты болады», — деп мәлімдеді медициналық сақтандыру қоры Басқармасының Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов семинардың ашылуында.
МӘМС қазақстандық медицина саласын қаржыландыруды 2 есеге ұлғайтып қана қоймай, Қазақстанның денсаулық сақтау саласын бизнес-рельстерге «жеткізеді». Бұл енді дәрігерлердің жалақысы емдеу сапасына байланысты болады дегенді білдіреді. Медициналық сақтандыру қоры бірінші кезекте пациенттердің құқығын қорғайды.
«Біз қордың негізгі міндеті, медициналық қызметтерді жеткізушілердің жұмысын сатып алу және төлеу үдерістерінен бөлек, пациенттерді қорғау екенін мәлімдейміз», – деп атап өтті Айбатыр Жұмағұлов.
Семинарға қазақстандық сарапшылармен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары да қатысуда. «Семинар сіздер үшін пайдалы болатынына сенімдімін. Жасанды интеллектті қосу бойынша идеялар бар. Оңтүстік Кореямен тәжірибе алмасу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Семинарлар сериясы жалғасады. Шетелде оқыту жоспарлануда», — деп жалғастырды Айбатыр Жұмағұлов. Семинарға қатысушылар семинар дәрістерінің сапасына өте риза. Аталмыш семинарда акушерлік, гинекология, неонатология және денсаулық сақтаудың басқа салалары бойынша дәрістер айтылуда.
«Семинарда тәжірибелі дәрігерлер мен сарапшы мамандар үшін өте қызықты және қажетті дәрістер берілуде. Сақтандыру жүйесіне қанда қызметтер кіреді, медициналық көмек қалай көрсету керек, көмек қандай болуы керек, қандай көлемде, көмек көрсетуді бағалаудың қандай критерийлері бар және тиімділік өлшемдері қандай деген мәселелер қаралуда. Бұл мен қатысып отырған екінші білім беру семинары. Бүгін мен пневмония, бронх-өкпе аурулары, бронх демікпесі бойынша дәрістер тыңдадым. Дәрістер өте ақпараттандырылған, дәлелді медицинаның негізгі принциптері, емдеудің негізгі хаттамалары, ұсынымдар, диагностика, халықаралық стандарттар жөнінде ақпараттар берілуде. Мен бұл семинардан жоғары тиімділікті күтемін»,-деп атап өтті Тараз қаласындағы «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының» өкілі Айгүл Ахмет.
Семинарды ұйымдастырушылардың бірі, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ медициналық көмек сапасын мониторингілеу департаментінің директоры Ләззат Шоманованың айтуынша, Қордың басты міндеті – қазақстандық денсаулық сақтау саласының «әдемі статистикасы» емес, медициналық қызмет көрсетудің жоғары сапасы.
«Біз әдемі сурет үшін емес, нақты нәтиже үшін жұмыс істейміз. Денсаулық сақтау жүйесі Қордың емдеу сапасы үшін ғана төлейтінін көрген кезде, ол сапалы медициналық көмек көрсетуге мәжбүр болады. Мұндай семинарларда біздің сарапшылар қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесі қандай болу керектігін үйренеді. Осы мақсатта біз семинарларға ең үздік лекторларды шақырамыз, онда семинарға қатысушылар дәлелді медицина негіздерін үйренеді. Батыста бұл көрсеткіш емделушілермен қарым-қатынастан бастап медициналық қызметтің барлық салаларына енгізілген. Ал біз отандық медицинада оны пайдалануды енді үйреніп жатырмыз. Біздің лекторлар дәлелді медицина тұрғысынан – диагностика деңгейінде, емдеу деңгейінде де, пациенттерді бөлімшелер бойынша бөлу деңгейінде де дәріс оқиды. Мұндай семинарды бүкіл ел бойынша біз ғана өткізудеміз», — деп атап өтті ол семинар барысында.
Оның айтуынша, емханалар мен ауруханалардың ішкі аудит сарапшылары семинарда көрсетілетін медициналық көмектің сапасын бағалауды үйренуі тиіс.
«Семинарлардың екінші бөлімінде біз математикалық формулалардың көмегімен сапа индикаторларын қалай есептеу керектігін көрсетеміз. Бұл дәрігерлердің жұмысына объективті баға беру. Біздің семинарларымызға қатысып отырған емханалар мен ауруханалардың ішкі аудит сарапшылары медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне Қор осы индикаторларды қалай есептейтінін міндетті түрде жеткізетін болады. Дәрігерлер қор олардың жұмысын қалай бағалайтынын білуі керек», — деді ол.
Айта кетейік, мұндай семинарлар жүйелі түрде өтіп, 2020 жылы да жалғасады.

Айтулов Т