Нашақорлық пен АИТВ-ға жол бермейік!

Бүгінгі күні жастар өз-өзін тәрбиелеуде деп жиі естиміз. Ата-анасының табыс табу жолында, бала тәрбиелуге уақыты болмауы қазіргі таңда қоғамның алаңдататын проблемаларына айналуда. Күні бойы өздеріне өздері қожайын болып, бос уаққыттарын ғаламтор жиелісінде өткізіп,көше аралап кеткен жастар аз емес. Жаман ой қалыптасқан ортамен аралысып есірткі, ішімдікке құмар салған жас ұл қыздарымыз бүгінгі қоғамда өкінішке орай бар.
Осылардың ішінен ең қауіптісі есірткі болып келеді,өйткені одан толық арылу бірен саранның колынан ғана келеді. Есірткі-ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем күресуде, бірақ ол оңай алдырар жау емес. Адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған улы зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақорды есірткісіз өмір сүре алмайтын халге жеткізеді. Әр нашақор жылына кем дегенде он адамды нашақорлыққа тартады, осылайша ол есірткі тұтынушылардың қатарын көбейтуде. Ал егерде нашақорда АИТВ инфекциясы болса, ол жылына 20 адамға осы дертті жұқтыру мүмкін. Есірткі тұтынушыға көбінесе психикалық тұрғыда әлсіз, өз көз-қарасы жоқ, жүйке жүйесі нашар жастар тез ұшығады. Нашақорлыққа ұшыраған адам ең бастапқыда өзін тұлға ретінде жоғалтады, кейіннен отбасынан айырылып, туған туысқандар арасында өгей адамға айналады. Есірткіге ақша табу үшін, нашақор ұрлық, зомбылыққа баруына тура келеді. Оның соңғы жолы түрме.
Абақтыға апарар жолдан басқа есірткіні тамыр арқылы тұтынушының АИТВ, гепатит жұқтыру қаупі өте көп. Бір шприцті бірнеше рет қолданып, бір-біріне тарату арқылы, инфекцияны жұқтыру қаупі артады. Соңғы жылдары мемлекетімізде нашақорлар арасында АИТВ вирусын жұқтырғандардын саны төмендеуде, бірақ бұл күрес жолында біздің тоқтап қалмауымыз өте маңызды.
Астана қаласының ЖИТС орталығында АИТВ инфекциясының нашақорлар арасында өршіп кетпеуін болдырмау үшін, «Зиянды төмендету» бағдарламасы жүзеге асуда. Бағдарламаның арқасында ЖИТС орталығында Сенім пункті, Достық кабинеті, Қозғалмалы сенім пункті жұмыс атқарады. Әр нашақор ЖИТС орталығында экспресс тест тапсырып өз мәртебесін біле алады.
Нашақорлық – болашақ қоғамымызға төніп тұрған қауіпті дерттің бірі. Одан аулақ болудың амалы – ешқашан оның дәмін татпау.

А.Мухамедиев
Алдын алу бөлімінің
меңгерушісі «ЖИТС-тың
алдын алу және оған
қарсы күрес орталығы» МКҚК