Сот істерін қарауға дейін ресімдеу және сот отырысын өткізу
Қарауға тағайындалған істер бойынша сот отырысының хатшысы процеске қатысушыларды және үшінші тұлғаларды, куәларды, сарапшыларды, мамандарды, аудармашыларды шақыру туралы соттың шақыру кағаздарын,хабарламалар (хабархаттар)жібереді. Соттың шақыру кағазында, хабарламаларында (хабархаттарында) сот отырысының өтетін соттың атауы мен нақты мекен-жайы, уақыты (сағаты, күні) мен орны, істің атауы, сотқа шақырылатын немесе хабарланатын адам (Т.А.Ә.) не хабарлама (хабархат) жіберілген органның немесе заңды тұлғаның атауы, сондай-ақ іс бойынша мәртебесі көрсетіледі. Қорғаушылар мен прокурорға жазбаша түрде хабарланады. Басты сот талқылауын тағайындау сатысында соттың сотталушыға қорғаушыны қамтамасыз етуі туралы…