Конституция – тәуелсіздікті нығайтқан құжат
Қазақ елінің тарихында Конституциямыздың маңызы, салмағы өте зор. Мұнда мемлекеттік негізгі құрылымы мен басқарылуы, онда тұратын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына арналған ұстанымдар мен нормалар бекітілген. Қазақ елі мемлекет болғаннан бері көшпелі мемлекеттің дала өркениетінің Конституциясы деген атқа ие болған Тәуке ханның «Жеті жарғысын» сол кезеңнің Ата заңы деп атауға болады. Бұдан басқа Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Ресей құрамындағы бодандық кезеңдегі Қарқаралы петициясы, Алаш Орда ұлттық кеңесінің Конституциялық бағдарламасы қоғамды реттеуге бағытталған ұмтылыс еді. «Тәртіпсіз ел…