1 қаңтардан бастап жаңа арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланумен арнаулы салық режимі енгізілді
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланумен арнаулы салық режимі енгізілгенін хабарлайды. Осылайша, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 686-2-бабына сәйкес арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланумен арнаулы салық режимін жеке кәсіпкер Салық кодексінің 683-бабында шағын бизнес субъектілері үшін белгіленген шарттарға сәйкес келуден бөлек: 1) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын; 2) қызметін өзіндік кәсіпкерлік нысанында жүзеге асыратын; 3) мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін: сылақ жұмыстарын;…